Құқық

Тыныштықты күзеткен тәртіп сақшылары

Себебі, қоғамдағы әрбір қозғалыс пен тұрғындардың тыныштығы олардың жіті бақылауында. Ал, түзеу мекемелерінде еңбек етіп, арнайы контингент арасында қауіпті жағдайлардың алдын алатын Қылмыстық-атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің қиындығы мол жұмысы былайғы жұртқа беймәлім. Тиісінше, олар өз міндеттерін дабыра қылмай-ақ мінсіз атқарып үйренген.

Әйтсе де, олардың ерен еңбегін өзгелер білуі тиіс. Әсіресе, тәртіп сақшыларының ұл-қызы ата-аналарының жауапкершілігі зор жұмысты атқарып жүргенін шын сезінулері керек-ақ. Бұл ретте «Менің ата-анам - полицей» атты балалар байқауының ұйымдастырылып келеді. Жалпы, бұл байқауды өткізудегі басты мақсат – тәртіп сақшыларына тәрбиенің отбасынан бастау алатын түсіндіру, олардың балаларымен өзара ынтымақтастығын нығайту әрі олардың ата-анасының еңбегіне құрметін арттыру.

Ғалым ТАМАБАЕВ,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны. Ғалым Әріпұлы 2008 жылдан бастап ҚАЖ саласында қызмет етеді. Бүгінде ол 4 қыздың әкесі.

Мақсат ТӘРТІПБЕК,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі режим бөлімшесінің аға жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты. Мақсат Ерболатұлы қазіргі таңда сүйген жарые екеуі 1 ұл, 1 қызды тәрбилеп отыр. Ол бұл салада 2018 жылдан бері жұмыс істейді.

Алишер УТЕМБАЕВ,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі режим бөлімшесінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы, әділет аға сержанты. Қос ұлдың әкесі Алишер Мұхтарұлы құқық қорғау органдарында өткен жылдан бері қызмет етуде.