Құқық

«Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

Бүгінгі таңда азаматтардың заң көмегін көрсетуге жүгіну үрдісінің өсуі оны алу құралдарына оңай және уақтылы қол жеткізуді талап етеді. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 24-бабына сәйкес заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЖ) болып табылады.

АЖ заң көмегін көрсететін тұлғалар үшін де, оны алатын азаматтар үшін де функционалдылықтың үлкен спектрін қамтиды.  

Мысалы, АЖ кез-келген пайдаланушыға, соның ішінде iOS және Android платформаларында қол жетімді қосымша арқылы өмірлік жағдайларды шешу үшін заңды қоғамдастыққа құқықтық сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі