Экономика

Біз кімнің нарығына ақша салып жүрміз?

Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік пен жартылай фабрикаттың, қала берді көкөністің басым бөлігін импорт құрайды. Ал, отандық өндіріс ошақтарының өнімі импортқа қарағанда әлдеқайда төмен. Осыдан бірнеше жыл бұрын облысымызда дүкен сөрелерінде «Қазақстанда жасалған», «Алқаптан сөреге» деген жобалар қолға алынып, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетілгені бар. Өкінішке қарай, қазіргі таңда дүкен сөрелерінен ондай тақтаны көру қиын.