Жамбыл облысында 10 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды
Жамбыл облысында жыл басынан бері қаржы пирамидаларының белгілері бар 10 мыңға жуық сайт пен жеке аккаунт бұғатталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Шерхан Пірімқұл өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда Агенттік интернетте заңсыз мазмұнды контентті іздеуді және бұғаттауды автоматтандырды. Қазірдің өзінде 10 мыңға жуық сайттар мен қаржы пирамидаларының белгілері бар аккаунттар бұғатталды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық схемаларға тартылған салымшыларды ерте анықтау жүйесі жолға қойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда 126 мың жазылушы алаяқтық схемаларды жарнамалайтын аккаунттардан бас тартты», - дейді Шерхан Батыржанұлы.