Қыркүйек айынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 15-20 пайызға өседі, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің оғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлімдеді.
- Жол картасын іске асыру үшін қазіргі уақытта Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар былай ұлғаяды:
- бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);
- магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін).
- жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, даярлаудың педагогикалық бағыттары және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін;
- жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;
- Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;
- интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;
- магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;
- докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.
Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.