Шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінді
Ауыл шаруашылығы министрлігі шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеуде қандай препараттар қолданылатынын айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Бұған дейін биыл 1 270,6 мың гектар алқапты өңдеуге республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінген болатын.
Жауапты ведомствоның мәліметіне сүйенсек, отандық және шетелдік өндірушілердің фитосанитариялық мақсаттағы пестицидтерінің қажетті көлемі сатып алынған. Олардың ішінде шегірткелерге қарсы күресте өз тиімділігін көрсеткен препараттар: «Карат супер», «Тиаметрин», «Фипрон», «Эсперо», «Койра» бар.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай шегірткенің көп таралуы бұрынғы жылдары да болған. Мәселен, 2014 жылы 4,7 миллион гектар, 2000 жылы 8,1 миллион гектар өңделген.