Жаңалықтар

Қазақстаннан Кореяға тікелей әуе қатынасы қайта жанданды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап

15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды «Эйр Астана» әуе компаниясы аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) «Эйрбас-А321» үлгісіндегі әуе кемелері арқылы орындайтын болады.

Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді.