ҚАЖ қызметкерлеріне артылар жауапкершіліктің жүгі ауыр
Түзеу мекемесіндегі әрбір бөлімнің өзіндік ерекшелігі мен қиындығы бар. Бұл ретте антына адал ҚАЖ қызметкерлері мұндағы ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келеді. Жалпы, кез келген мекеменің күнтәртібі сол мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде де бұл ереже қатаң сақталады. Жеке құрам қызметкерлері күн режиміндегі жоспарға байланысты жүйелі жұмыс істейді. Ал, олардың басты міндеті – жазасын өтеушілер арасында түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың күнтәртібінің бұзбауын қадағалау және тыйым салынған заттардың жолын кесу. Сонда ғана талабы қатаң, жауапкершілігі жоғары қызметті таңдағандар сенім үдесінен шыға алады.
Дәл бүгін таңсәріде аталған мекемеде өткен саптық тексерісте мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлеріне нұсқаулық берілген соң, олар күнделікті жұмыстарына кірісті. Бастысы, бұл қызметкерлер өздеріне жүктелген міндет жүгі ауыр екенін еш ұмытпайды.
Ұлдана СЕРІКБАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті конвергентті журналистика мамандығының 2-курс студенті.