Су тасқыны: жомарт жүректі жамбылдықтар марапатталды
Бүгін еліміздегі көктемгі су тасқыны салдарын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан бірқатар жамбылдық кәсіпорын, мекеме қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, бейбіт күннің батырларына облыс әкімі атынан алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге облыстан 107 арнайы техника мен 65 адам жұмылдырылып, еріктілер тарапынан 70 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілген болатын.
Жиын соңында есімі еленген ерлер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.