Саясат

Тоқаев Үндістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының Премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.