Жамбыл ауданында келіндер арасында тазалық сайысы өтті
Бүгін Жамбыл ауданы Ерназар ауылының келіндері арасында «Ең таза аула» атты байқау өтті. Байқауға 35 жасқа дейінгі 9 келін қатысты. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Қазақи салт-санамызға сай, тәрибиелік тағылымы мол аталмыш конкурстың негізгі мақсаты – тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігін, татулығын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
Сайыс соңында арнайы құрылған комиссия конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, тазалық науқаны аясында облыстың барлық аудандарында «Ең таза көше», «Ең таза аула», «Ең белсенді волонтер» конкурстары өткізіледі.