Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы
Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы лауазымына конкурс жариялау туралы
Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тәукехан көшесі, №22, телефон (8726-2) 45-59-52.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық командалары құрамына және жақын арадағы резервке жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау. Қазақстан Республикасының ұлттық командалары құрамындағы спортшылармен, стажерлермен және резервпен оқу-жаттығу жұмысын жүргізу. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары спортшы-нұсқаушыларының орталықсыздандырылған дайындығын қамтамасыз ету. Жаттықтырушылар мен әдіскерлерді ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін дәріптеу. Дене шынықтыру мен спортты насихаттай отырып, облыс командаларының және спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру, әлемдік лиганы қоса алғанда республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу, Олимпиада ойындарына қатысу үшін спорттық лицензияны жеңіп алу, аймақтың және спортшыларды медициналық-биологиялық және витаминдік препараттармен қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының чемпионаттарына және халықаралық жарыстарға Азия чемпионаттары мен Әлем чемпионаттарына алдағы уақытта Азия және Олимпиада ойындарына қатысу. Халықаралық турнирлар, матчтық кездесулерді ұйымдастыру және өткізу. Халықаралық турнирлар, матчтық кездесулерді ұйымдастыру және өткізу. Спорт саласындағы жетекші кәсіби мамандардың қатысуымен семинарлар, тренингтер және лекциялар ұйымдастырып өткізу. Кәсіпорындағы оқу-жаттығу процесі мен жарыстарды медициналық қамтамасыз ету, жаттығу жүктемелеріне және үнемділік көлеміне бақылауды жүзеге асыру. Спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;
мамандығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; педагогика, психология және физиология негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау облыстық «Aq jol», «Знамя труда» газеттерінде және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекенжайға: 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72, «Жамбыл облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 9-қабат, №911 кабинет, тел.: 8726 (2) 45-59-52 ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурстың өтетін күні: 2024 жылғы 25 маусым.
Конкурстың өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72 (9 қабат 920 кабинет).
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.
Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.