Белгіленбеген жерлерде шомылу – қауіпті
Жаз мезгілі – балалар мен ересектер үшін тамаша демалыс маусымы. Жылы күндерде суға шомылып демалғың келеді, өзенде немесе көлде жүзгің келеді. Алайда, су объектісіндегі бей-берекетсіз, ұйымдастырылмаған және бақылаусыз шомылу үлкен қауіп төндіреді. Ең қауіптісі – бұл энтеровирустық инфекцияны жұқтыру. Белгісіз жерлерде шомылу кезінде ауызға су кіріп, энтеровирустық инфекцияларды (бұдан әрі-ЭВИ) жұқтыруы мүмкін. Инфекция көзі – ауру адамдар, вирус тасымалдаушылар, асимптоматикалық формасы бар науқастар. ЭВИ-дің максималды жиілігі жаз-күз айларында болады. Адам ағзасына бір рет енгеннен кейін вирус онда ұзақ жылдар бойы сақталуы мүмкін және қолайлы жағдайлар туындағаннан кейін ғана өзін көрсете алады.
Энтеровирустық инфекциялармен ауыратындардың шамамен 80-90 пайызы балалар. Олардың жартысы мектеп жасына дейінгілер.
Ластанған тоғандарда шомылудан аулақ болу керек. Аурудың ауыр түрлері негізінен балаларға әсер етсе де, ересектер де энтеровирустарды жұқтыруы мүмкін және өздері ауырмай-ақ вирус тасымалдаушы ретінде қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, энтеровирустармен инфекцияны болдырмайтын профилактикалық ережелерді сақтау балалар үшін де, ересектер үшін де міндетті.
Су қоймаларында тыйым салынады:
– зерттелмеген су айдындарында, шомылуға тыйым салынғаны туралы жазулары бар қалқандар (аншлагтар) қойылған жерлерде шомылуға;
– мас күйінде шомылуға;
– осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
– су қоймаларын ластауға және бітеуге;
– тақталарда, бөренелерде, шезлондарда, автомобиль камераларында, үрлемелі матрацтарда жүзуге;
– жануарларды өзімен бірге судағы халықтың жаппай демалатын орындарына алып келуге;
– шағын көлемді кемені алкогольдік және (немесе) есірткілік мас күйіндегі адамдарға басқаруға.
Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
– ересектер балалардың белгіленбеген жерлерде шомылмауын, оған бейімделмеген құралдарда (заттарда) жүзбеуін және судағы қауіпсіздік ережелерін басқа да бұзушылықтарға жол бермеуін қамтамасыз етуге міндетті;
– балалардың судағы қауіпсіздігі шомылу орындарын дұрыс таңдау және жабдықтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталмаған су қоймаларында демалу арқылы сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне үлкен қауіп төндіресіз! Есіңізде болсын, судағы барлық тәртіп ережелерін міндетті түрде сақтау – денсаулықтың және көптеген адамдардың өмірін сақтаудың кепілі!
Ұлданай ӘНУАРБЕК,
Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.