Тараз қаласында терроризме қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
Бүгін Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабымен «Март-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористтік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабы