Қоғам

Қажылық-2024: рұқсатсыз қажылық жасағандарға айыппұл салынуда

Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, рұқсатсыз қажылық парызын өтеген қажыларға айыппұл сала бастады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлімдеді.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қажылық жасауға және рұқсатты заңсыз алуға тыйым салу саясаты қамтылған аймақтарға Мекке қаласы, орталық аймақ, қасиетті жерлер, Харамайн теміржол станциясы, бақылау-өткізу пункттері, тексеру орталықтары және уақытша бақылау бекеттері кіреді. Ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады.

Қоғамдық қауіпсіздік егер заң бұзушы резидент болса, ол жазасын өтегеннен кейін депортацияланатындығын және заңға сәйкес белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруіне тыйым салынатындығын хабарлады.

Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері өседі.