Экономика

Су саласы мамандарының еңбекақысы 25 пайызға өсті

1 мамырдан Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары ұлғайды.

Еске сала кетсек, жыл басында «Қазсушар» мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары ұлғайды. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.