Жаңалықтар

Жамбыл облысының Тараз қаласы мен аудан елді мекендеріне аэрофототүсірілім жүргізу бойынша

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағы «Жер учаскелерінің, табиғи және минералды учаскелердің кадастрлық жүйелерін интеграцияланған дамыту үшін бірыңғай цифрлық платформада экономика салаларының кеңістік деректері инфрақұрылымын құру» тапсырылған болатын.

Осы бағытта, 2023 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен өткен кеңес барысында, облыс аумағындағы барлық елді мекендердің картографиялық және қала құрылысы деректерін дәл, нақты дәлдікпен байланыстыру үшін жергілікті бюджет есебінен аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.

Жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін, бірінші кезекте Тараз қаласының жаңа құрылыс нысандары бой көтерген жалпы 3 387,8 га аумағына (№14, №15, №16 шағынаудандары мен 28 саяжай, Көлтоған, Қарасу (Құмшағал) тұрғын алқаптары) жүргізілген аэрофототүсірілімді жаңартып, қалаға қосылатын 12 906,7 аумаққа және облыстың халқының саны 5 мыңнан жоғары 4 елді мекенге бірыңғай форматта аэрофототүсірілім жұмыстарын 2024 жылы жүргізу қажет етіліп отыр.

Атап айтқанда:

– Қордай ауданы (Отар а.),

– Сарысу ауданы (Саудакент а.),

– Шу ауданы (Бірлік а., Қонаев а.).

Осы орайда, 2024 жылдың 25 сәуірі мен 20 мамыры айларында масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірілім жұмыстары ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы «GEOSCAN-KAZAKHSTAN (ГЕОСКАН-КАЗАХСТАН)» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.

Аэрофототүсірілім жұмыстары өз ке зегінде, картографиялық деректердің, яғни әр бір елді мекеннің даму жоспарларының (бас жоспарлар мен оңайлатылған сызба, егжей- тегжейлі жоспарлау жобалары), қала құрылысы талаптары (қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар) мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен және тура дәлдікте облыстың Геопорталына және республикалық «Жария кадастрлық картаға» орналастыруға мүмкіндік беретін болады.

Осы орайда, Тараз қаласы мен Қордай, Сарысу, Шу ауданының тұрғындарына аталған жұмыстарға түсіністікпен қарау сұралады.

 

А.ҚАРАБАЛАЕВ,

Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.