Жаңалықтар

Жарқын бейнесі жүректерде сақталады

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразаков пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Мансур Шайкрамов Байзақ ауданында орын алған өрттен туындаған жарылыс салдарынан қаза болған батырлардың бірі Александр Микропулоның үйіне арнайы барды.

Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісі болған, азаматтық қорғау полковнигі Александр Николаевич Микропулоның ұлы Александр Александрович пен інісі Константин Николаевичті Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған Азат Абдразаков пен Мансур Шайкрамов оларға Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы академиясы бастығының құттықтау хатын табыстады. Аталған құттықтауда академияның «Өрт қауіпсіздігі – 2132» оқу тобына адам өмірін құтқару жолында ерлікпен қаза болған Александр Микропулоның есімі берілгендігі айтылған. Одан кейін ТЖД басшылығының өкілдері марқұмның жақындарымен Александр Николаевич туралы жылы естеліктермен бөлісіп, батырдың жарқын бейнесі жүректерде сақталатынын айтты.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП