Хабарландыру

Жеке ведомство құрылады

Мемлекет басшысының Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілеттіктерін беруге қатысты тапсырмасына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты бақылауды жүзеге асыру бөлігінде табиғи және техногендік апаттардың алдын алу мәселелері бойынша бақылау функциялары бар жеке ведомство құрылады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін құруды көздейтін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. «Құқықтық актілер туралы» заңның 18-бабына сәйкес, бұл жоба ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған. Жобаны іске асыру құрылған ведомствоға орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП