Таразда Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған патриоттық форум өтті
Таразда Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты париоттық форумы өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.
Жиында құттықтау сөз алған облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы патриоттық форум Жамбыл облысының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.
Сондай-ақ аймақ басшысы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында табанды еңбек етіп келе жатқан әр сала мамандарын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Форум жамбылдық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.