Әдебиет

Жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулетті еске алу кеші өтті

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Құрметті журналисі, көптеген прозалық және тарихи-танымдық кітаптардың авторы Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулетке арналған «Артына елеулі мұра қалдырған баспасөз қайраткері» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған еске алу кешіне арнайы шақырылған филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығыны» директоры, археолог, тарихшы Сауран Қалиев, Жамбыл облыстық архивінің бөлім басшысы – бас қор сақтаушы Жібек Есентаева, Шерхан Мұртазаұлы атындағы руханият және тарихтану орталығы, Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамарова,  сондай-ақ Мақұлбек ағамыздың ұлы Нұрқуат Мақұлбекұлы қатысып, жазушының өнегілі өмірі, шығармашылық мұрасы жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

Қарымды қаламгердің: «Жұлдыздардың жарығы» (1999), «Күміс белдік» (1999), «Желсаз» (2004) «Құс жолы» (2011), «Тарих тамырлары» (2012), «Көңіл құсы» (2012), «Мәңгілік ерлік» (2012), «Әбдір Сағынтаев» (2012), «Ерлік ұмытылмайды» (2010), «Тәуелсізідік - туымыз!» (2011), «Ескерткіштер - ел тарихы» (2012) атты прозалық және тарихи-танымдық туындылары ойлы оқырманның оң бағасын алып келеді.