Жаңалықтар

Су тасқыны: Батыс Қазақстанда 398 үйдің құрылысы басталды

Көктемгі су тасқынынан қатты зардап шеккен аймақтардың бірі – Батыс Қазақстан облысы. Мұнда қазіргі таңда төтенше жағдайдан кейін қайта қалпына келтіру шаралары толық жүзеге асырылуда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау және техникалық байқаудан өткізу бойынша кеңес өткізді.

Соңғы мәлеметтерге сүйенсек, аталға өңірде 398 үйдің құрылысы басталып, 726 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бюджет есебінен 57 үй сатып алынған.

Айта кетейік, жалпы Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 4041 үй зардап шекті.