Жаңалықтар

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті

4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні. Айшықты мереке күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.

Кез келген мемлекеттің егемендігі мен бір тұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі – мемлекеттік рәміздер. Жалпы, туған жерге деген сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Өйткені, мемлекеттік рәміздер – ел имиджінің ажырамас бөлігі, азаматтық патриотизмнің айқын көрінісі, - делінген хабарламада.