Саясат

Сенатта «Масс-медиа туралы» заң қаралады

Сенаторлар 6 маусым күні өтетін Палата отырысында «Масс-медиа туралы» заңды бірінші оқылымда қарайды, деп хабарлайды аqjolgazet.kz

Сенаттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған заңдарда қаржыландыру тетіктеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына ескіру мерзімін белгілеуге, БАҚ сауалдарын қарау мерзімдерін қысқартуға қатысты жаңа нормалар ұсынылып отыр.

Айта кетейік, Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.