Жаңалықтар

Жасампаз елдің мақсаты айқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ ғылымының қара шаңырағында ғалымдармен кездесуінде көптеген түйткілді мәселелерді көтерді. Шүкір, байтақ жеріміздің қойнауы қазынаға толы десек те, сан жылдардан бері оны игеріп келеміз. Президент айтқандай, шикізатқа сенген ел алысқа бармайды. Сондықтан бізге қазір жасампаздықпен жоқтан бар жасап, барды ұқсата білу керек.

Ғылым мен білімнің адамзатқа берері орасан. Тек соның көзін тауып, игілікке арнасақ, ұтылмаймыз. Білімдарлық мол ізденіске жетелейді. Ізденіс түбі ірі іске жеткізетіні ақиқат. Шынын айтқанда, ел ішінде өнертапқыш жастар бар. Тек қолдаудың болмауынан ой еңбегінің жемісін көрсете алмай келеді. Қалың халық ішінен сондай озық ойлы, көпке пайдасы мол жаңалық тапқан жандардың жобасына қаржылай қолдау көрсетілсе, ұтпасақ ұтылмаймыз. Президенттің ғалымдармен кездесуіндегі сөзі енді жасампаз жандардың жаңалықтарына жан бітірер деген үміттемін.

 

Юлдашбай ДӘРІБАЕВ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты,

«Мұнай, газ және тау-кен ісі»кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидиты, PhD докторы.