«Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де...»
«Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де», – деп аңыз тұлғаның өзі айтпақшы, Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы ұлы өнер иесінің кіндік қаны тамған Қордай ауданында дүркіреп өтті. Бауырлас қазақ пен қырғыз халықтары ақындары жырдан шашу шашып, атамұра өнер арқылы алып тұлға рухын асқақтатты.