Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай облыс орталығында ауқымды іс-шара өтті. Іс-шара саяси репрессия кезінде дүниеден өткен, зардап шеккен қазақстандықтарды еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталды. Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойылып, қазақ хал¬қы¬ның сан түрлі соқтықпалы, соқпақты кезеңнен өтіп, бүгінгі күнге жеткені, сталиндік репрессия кезінде қазақтың бас¬шылық қызметтегі азаматтары, қоғам қайраткерлері, ең таңдаулы ақын-жазушылары қаза тапқаны айтылды.