«Адыраспан» есірткі немесе психотроптық затқа жата ма? Бас прокуратура ескерту жасады
Бас прокуратура Ресейге баратын қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «гармала» («адыраспан») өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.
Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.