Жаңалықтар

Адал бизнес – ел экономикасының локомотиві

2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Кәсіпкерлік кодексіне Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларына қатысты өзгерістер енгізілді. Олар ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің аумақтық бөлімшелерінде тексерулерді тіркеу және тағайындау рәсімін қозғады. Бизнесті негізсіз және артық бақылауды тоқтату, оның адалдығын арттыру үшін өзгерістер енгізілді.

Сонымен, өзгерістер Кәсіпкерлік кодекстің 13-тарауына да қатысты болды.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібіне қатысты елеулі түзетулер енгізілді. Бұрын ол «Мемлекеттік бақылау және қадағалау», ал қазір «мемлекеттік бақылау» деп аталды. Мемлекеттік бақылау нысандары бекітілген.

Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне бақылау:

1) алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады, оны ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады;

2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Кодексте айқындалатын тексерулер;

3) тергеп-тексеру жүргізу тәртібі ҚР заңнамасында белгіленеді. Жаңартылған Кодексте жедел ден қою шараларын қолдануға жол берілетін кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары нақтыланды.

Профилактикалық бақылау түрлері болып бөлінеді:

1) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;

2) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау;

3) Бақылау сатып алу.

Бұл ретте тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулер.

2) жоспардан тыс тексерулер.

Мемлекеттік бақылау органдары тексеру басталғанға дейін тексеруді тағайындау туралы растайтын материалдарды және оны жүргізу үшін негіздерді РГОП ақпараттық жүйесі бойынша Құқықтық статистика бөлімшелеріне жібереді. Бұдан әрі құқықтық статистика жөніндегі орган материалдармен танысқаннан кейін екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды:

1) тіркеу;

2) пысықтауға қайтару;

3) тіркеуден бас тарту.

Сондай-ақ, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер, яғни субъектілердің бастамашылық тексерулері бойынша тіркеудің қажеті жоқ.

Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер. мемлекеттік органдардың тексерулерін оңтайландыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің адал жұмысын ынталандыруға бағытталған.

 

ҚР Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

комитетінің Жамбыл облысы

бойынша департаменті