Білім

Ұстаз да өзі, кәсіпкер де өзі

Адам баласын алға жетелейтін екі дүние болса, соның бірі – тәрбие, екіншісі – білім. Бұл біздің шығарғанымыз емес, бабалардың айтқаны. Ал, бұл даналықты Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған әл-Фараби: «Білім мен тәрбие – адамның қос қанаты» деп тәпсірлейді. Бала тәрбиені ата- анадан алса, білімнің алғашқы қазығы мектепте қағылады. Сол қазықты тереңінен қағып, бүгінде ел ішінде азаматтығымен танылып жүрген парасат биігіндегі тұлғалар аз емес. Соның бірі – құландық Азамат Сәмбетқұлов.