Жыл басынан бері жамбылдық спортшылар 683 медальға қол жеткізді
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Ибраимов өңірдің спорт саласындағы жетістіктері туралы баяндады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 655 медальға ие болса, жыл басынан бері жамбылдық жампоздар облыс қоржынын 683 медальға толықтырды. Оның ішінде: 223 алтын, 180 күміс, 280 қола медаль.
Брифинг барысында басқарма өкілі биылғы «Париж – 2024» жазғы олимпиада және Паралимпиада ойындарында жамбылдық спортшылардан үлкен нәтиже күтетінін де тілге тиек етті.
Айта кетейік, 2024 жылы облыстың спорт саласының ағымдағы шығындарына 15,0 миллиард теңге қарастырылған.