Әлеумет

Жаңа әуежайда жолыққанша, ағайын!

Жаңа әуежайда жолыққанша, ағайын!

Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 60 пайызы аяқталған. Әуежай нысанының жаңартылуы облыс инфрақұрылымының дамуына, туристер легін көбейтуге, сыртқы экономика қызметін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс орнын арттыруға ықпал етеді. Жолаушылар терминалы жаңартыла салысымен Мәскеу, Ақтау, Атырау қалаларына тікелей бағыт ашу жоспарланып отыр. Жаңа әуевокзал кешені пайдалануға үстіміздегі жылы беріледі. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы заманауи ұшақтардың барлық түрін қабылдайтын ұшу-отырғызу жолағы жаңартылған болатын. Бұл жұмыстар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып, 4,7 миллиард теңге жұмсалған еді. Бұдан басқа «SCAT» әуе компаниясы өз қаржысына сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алатын әуевокзалы құрылысын бастады. 2 телескопиялық трап, 7 тіркеу табаны, 4 лифт, сонымен қатар мүгедек жандарға қызмет көрсету ісі жолға қойылмақ.

«Ақ жол-Ақпарат».