Жаңалықтар

Қордайда жер сілкінді

2024 жылдың 31 мамыр күні сағат 10:30-да Қордай ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан 132 шақырым жерде орналасқан.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында Азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте ТЖД тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған мәлімет таратпауға үндейді.