Қазақстандағы балалар саны 6,8 миллионды құрайды
Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 миллионға ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында хабарлады.
Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 миллион бала білім алады.
Сондай-ақ, комитет төрағасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне де кеңірек тоқталды.
Айта кетейік, министрлік тарапынан мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр.