Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері туралы ЖАДЫНАМА
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау мақсатында, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V заңдарын, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығын, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығын және 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығын басшылыққа алады.
Ветеринария басқармасы осы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің негізінде келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қағаз және электронды түрде «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырады. Атап айтқанда:
- ведомстволық бағынысты ұйымдардың тарапынан:
1) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
- ветеринария басқармасының тарапынан:
3) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 83 үй мекенжайына хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 45-15-65. Жауапты маман: Қадір Әсел Бақытжанқызы.