Жазда қай бағытқа халықаралық әуе рейстерінің саны артады?
Құрылғанына көп уақыт болмаған Көлік министрлігі жиі саяхаттаушы қазақстандықтардың талап-тілегін ескеріп, бірқатар алыс-жақын елдерге әуе рейстерінің санын арттырды, деп хабарлайды aqjolgazet
Жаз маусымы келді. Қазақстандықтар жаппай еңбек демалысына шығуда. Осы ретте әлем елдері арасында туристік кластері жақсы дамыған шет мемлекеттерге саяхаттаушы жерлестеріміздің саны екі есеге артады. Тиісінше әуе рейстеріне билет тапшы. Сұраныс артқан жерде бағаның өсімі – экономиканың жазылмаған заңы.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, биыл жаз маусымында Вьетнам, Тайланд, Египет және Грузияға ұшатын рейстердің саны айтарлықтай арта түспек.
Бүгінде елімізден халықаралық бағытта 28 елге 121 маршрут бойынша аптасына 567 рейс жиілігімен ұшақтар ұшып, жолаушыларды тасымалдайды.