Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басты назарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс екендігін және елімізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек деп» -  атап өтті.

Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының қорғалуы оның ішінде олардың тынығуы, бос уақытын отбасына немесе өзінің кәсіби дамуына арнауы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Сонымен қатар, жұмыскерлердің тынығуға құқығы бар екендігі ел Конституциясында да айшықталған.

Мемлекеттік органдарда орнатылған магниттік картаны немесе қол үлгісін, бет әлпетті сканерлеу арқылы жұмыс орынға кіруді белгілейтін қолжетімділікті бақылау және басқару жүйелерін мемлекеттік қызметшілердің персоналды басқару мәселелерін жүзеге асыратын «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізілді.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстағы мемлекеттік қызметшілердің негізсіз үстеме жұмыс жасауын болдырмау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.