Мойынқұмдықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысты
Тазалықты жанына серік еткен мойынқұмдықтар бүгін аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» ескерткішінің айналасына «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жүргізді.
Сенбілік кезінде ескерткіш маңайы толық абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізіліді.
Тағылым мол іс-шараға ардагерлер кеңесінің мүшелері мен белсенді жастар және жергілікті ауыл тұрғындары қатысты.
Айта кетейік, өңірде акция басталғаннан бері 1600-ден астам сенбілік өткізіліп, 214 мың адам қоғамдық жұмысқа тартылған.