Жаңалықтар

Облыс әкімі бизнес өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар бизнес өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, ұсыныс- пікірлерін тыңдады.

Басқосу барысында облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сауда саласын дамытудың перспективалары қаралды. Сондайақ, базарларды жаңғырту жұмыстары мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары талқыланды.

Аймақта агроөнеркәсіптік кешен саласында ауқымды жобалар қолға алынған. Ербол Қарашөкеев бизнес өкілдерін бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Облыстық әкімдік шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, кәсіпкерлердің жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге ниетті. Бұл азық-түлік бағасының тұрақтылығына да ықпал етеді. Жиында бірқатар базар, супермаркет басшылары мен жеке кәсіпкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі жауаптыларға өңір кәсіпкерлерін шетелдік ірі компаниялармен байланыстырып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.