Жаңалықтар

Еліміздің су қоймаларында 12 миллиард текше метр су жиналды

Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігнің Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленетін болады.

Мұнымен қоса елдімекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.