Бюджет қаражатын құмар ойынға құртқан бухгалтерге сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік мекеменің бюджетін жымқырып, құмар ойынға жаратқан есепшіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды aqjolgazet
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, есепші мемлекет қазынасынан 7 миллион теңгені қолды еткен. Ол бұл әккі әрекетін іске асыру үшін мекеме басшысының ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданған.
Қаратөбе аудандық соты өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салғаны үшін есепшіні 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.