Қоғам

Жамбылда жыл басынан бері 33 тұлға ата-ана құқығынан айырылған

Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов күні кеше өткен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet

Құрмет Кенжеханұлының айтуынша, жыл басынан бері 120 қолайсыз отбасы және құқық бұзушылық жасаған 245 кәмелетке толмаған жасөспірім полиция есебінде тұр.

Сондай-ақ 4 айдың ішінде девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты 9 жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылған. Ал 33 тұлға сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылса, 143 жасөспірімге бейімдеу орталығынан орын бөлінген.