Білім

Биыл 186 мың оқушы мектеп бітіреді – Бас ұстаз

Бүгін еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023-2024 оқу жылындағы мектеп оқушылары мен орта арнаулы білім ошақтарының жемісті еңбегі мен жеткен жетістігіне қысқаша шолу жасады, деп хабарлайды aqjolgazet

Министрдің айтуынша, биылғы оқу жылы білім беру саласындағы табысты кезеңдердің бірі болған.

Ведомство басшысы ұлағатты ұстаздар қауымының қажырлы еңбегіне алғыс айтып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектерге сәттілік тіледі.

Айта кету керек, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтауда. Оның ішінде 186 мыңнан астам 11-сыныпты бітіруші бар. Сондай-ақ 150 мыңнан астам колледж бітіруші диплом алып, толыққанды маман болады.