Жаңалықтар

Өңірлік ғылымның өрісі кеңейеді

Отандық ғылым саласын арттырудың ең оңтайлы шешімі өңірлерде ғылыми институттың дамуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен қатар Ауыл шаруашылығы, Ғылым және жоғары білім, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар вице-министрлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының, жоғары оқу орындарының басшылары мен ғылыми зерттеу институттарының бірінші басшылары, стейкхолдерлер, жетекші ғалымдар және тәуелсіз сарапшылар қатысты.