«Қақпа алдында кездесу» өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында еркіндікке жолдама алған екі азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл күні «Мансап» орталығының бас маманы Мұрат Әмреев келіп, жазасын өтеушілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті алуға болатыны жөнінде толыққанды айтып берді. Өз кезегінде ҚАЖ қызметкерлері құқықтық көмек бойынша қажетті ақпараттар беріп, оларға қайта қылмыс жасамауға шақырды.