БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері қандай?
Бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі. Бүлдіршіндердің әрбір әрекеті, көргендері мен санасына сіңіріп жүрген ақпараты аса маңызды. Ал, қазіргі уақытта ақпарат айдынының кеңейгені соншалық, қолдағы шағын ғана телефон арқылы әлемдегі жаңалықтар мен болып жатқан оқиғаларды әп-сәтте көріп- білуге болады. Тіпті, ондағы ақпараттарда тәрбиеге теріс әсерін тигізетін келеңсіз жайттар да бар. Сондықтан, баланың не көріп, не тыңдап жүргенін ересектер барынша қадағаламаса, нағыз қауіп сонда тумақ. Осы жайттарды ескере отырып, «Сенімен Болашақ» республикалық ата- аналар қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы «Медиа әлем және тәрбие» тақырыбында жиын өткізді. Онда облыс медиасының өкілдері студент жастармен кездесіп, пікірлесті.