Жаңалықтар

Жолдың жайын жүрген емес, салған біледі

Бүгін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалында колледж студенттеріне арналған «ашық есік күні» өтті.

Еркін форматтағы іс-шарада Байзақ ауданының колледж студенттері мамандықтың машақаты мен қыр-сырына кеңрек қанықты. Өңірлік филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев болашақ ізбасарларына білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті.

Шара барысында колледж студенттері өздеріне қажетті ақпаратты алды деген ойдамын. Әріптестермен бірге мекеменің жай-күйімен мен жұмыс барысы туралы толыққанды таныстырдық. Әлбетте, кез келген маманның өз ісінің шебері болуы әуелі өзі үшін де, қоғам үшін де аса маңызды, - дейді Ж.Шәкірбаев.

Айта кетейік, еліміздегі 8 іргелі жоғары оқу орнында жол саласына қажетті мамандар даярланады. Ал қазіргі таңда бұл салада жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар сынды мамандар тапшы.

Есен ӨТЕУЛІ