Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ
Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ
1. Мақсаты мен мiндеттерi
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау;
- Жамбыл облысы ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Облыс ардагерлерін спорттық іс-шараларға белсенді түрде тарту арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тәлім-тәрбие беру;
Облыс ардагерлері арасында бұқаралық спортты дамыту;
Жамбыл облысының 85 жылдығын атап өту.
2. Спартакиада басшылығы
Спартакиадаға жалпы басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жүргізеді.
Жарысты тікелей өткізу Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген конкурста жеңімпаз атанған үкіметтік емес ұйымға және бекiтілген әр спорт түрлерiнен төрешiлерге жүктеледi.
3. Спартакиаданың өтетін уақыты мен орны
Спартакиада Тараз қаласы мен облыс аудандарында бекітілген Ережеге сәйкес өткізіледі.
Спартакиада екі кезеңнен өтеді.
І кезең: аудандық/қалалық кезең.
Мақсаты: аудандық, қалалық деңгейде жеңімпаздарды анықтау.
2024 жылдың сәуір айының 28-не дейін барлық аудан және Тараз қаласының мекемелері, бастауыш ардагерлер ұйымдары арасында жеңімпаздар анықталып, аудан/қала құрама командалары жасақталуы тиіс.
Спартакиаданың алғашқы кезеңін өткізу Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне жүктеледі.
Спартакиаданың алғашқы кезеңі жергілікті ұйымдастыру комитеті бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі.
ІІ кезең: ақтық кезең.
Мақсаты: облыс деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
2024 жылдың 29-30 мамыр күндері Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізіледі.
Волейбол спорт түрі бойынша жарыстар 29 мамыр күні сағат 10:00-де басталады.
Волейболдан басқа спорт түрлері бойынша жарыстар 30 мамыр күні сағат 10:00-де басталады.
Мандат комиссиясы – 29 мамыр күні сағат 17.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізіледі.
Спартакиаданың ақтық кезеңін өткізу Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық- спорттық шаралар өткізу орталығына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген конкурста жеңімпаз атанған үкіметтік емес ұйымға және бекiтілген әр спорт түрлерiнен төрешiлерге жүктеледi.
4. Спартакиаданы өткізу шарты
Жарысқа ардагерлер командаларының тапсырыстары бойынша құрама командалар қатысады (тапсырыс парағын және денсаулығы туралы анықтаманы 24.05.2024 жылға дейін өткізу қажет). Команда құрамы тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік аумақтық бірлікте тіркелген ардагерлерден құралуы тиіс.
Спартакиадаға қатысушылар жасы:
ерлер: 1961 жылы туған және одан үлкен;
әйелдер: 1963 жылы туған және одан үлкен.
Спартакиаданың ақтық кезеңіне Тараз қаласы мен әр ауданнан тек бір жасақталған команда қатыстырылады.
Спартакиадаға қатысушылар спорт түрлеріне қарай біркелкі спорттық киімде болуы тиіс.
Сонымен қатар, бір спортшы бір спорт түріне ғана қатыстырылады.
Барлық жарысқа қатысушылардың жеке куәлігі және дәрігерлік рұқсаты болуы қажет.
Жарыстардың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар жарыстарды өткізудің тәртібі мен қауіпсіздігін, қызмет көрсететін персоналды (мед.қызметкер, төрешілер) қамтамасыз етуі тиіс.
5. Жеңiмпаздарды анықтау
Облыс ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша:
1. Спорт түрлері бойынша жекелей орындар анықталады.
2. Жалпыкомандалық орындар анықталады. Жалпыкомандалық орындар 9 спорт түрінен (ерлер, әйелдер бөлек) қатысу нәтижелерінде жиналған ұпайлардың ең көп сомасы бойынша анықталады. Спорт түрлерінен спортшылар қатыспаған жағдайда аталған спорт түрінен командаға «0» ұпай беріледі.
Егер, екі немесе одан көп командалардың ұпай саны бірдей болған жағдайда волейбол спорт түрі бойынша алған орындарына қарай басымдық беріледі.
Волейбол спорт түрі бойынша ұпай есептеу кестесі
Орын 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ұпай 22 20 18 16 14 12 10 8 6 4 2
Жеке спорт түрлері бойынша ұпай есептеу
Орын 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ұпай 11 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
6. Спартакиаданың бағдарламасы және командалар құрамы
қ/с Спорт түрлерi Қатысушылар Барлығы
Ерлер Әйелдер өкіл
1 Волейбол 10 - 1 11
2 Үстел теннисі 1 1 - 2
Бағдарламада көрсетілген спорт түрлері бойынша жарыстар қолданыстағы ойын ережелеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткізіледі.
ВОЛЕЙБОЛ
Команда құрамы – 11 адам: 10 спортшы (6 негізгі ойыншы, 4 алмастырушы ойыншы, 10 ер), 1 өкіл.
Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
Барлық спортшылар біркелкі спорттық киімде болуы тиіс.
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
Спортшылар саны – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
ДОЙБЫ
Спортшылар саны – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
АСЫҚ АТУ
Спортшылар саны – 1 спортшы (1 ер). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
ШАХМАТ
Спортшылар саны – 2 спортшы (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Спортшылар саны – 2 спортшы (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
БИЛЬЯРД
Спортшылар саны – 1 спортшы. Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
ДАРТС
Спортшылар саны – 2 спортшы (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
7. Тапсырыс
Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиадасына
3 Дойбы 1 1 - 2
4 Асық ату 1 - - 1
5 Шахмат 1 1 - 2
6 Тоғызқұмалақ 1 1 - 2
7 Бильярд 1 - - 1
8 Дартс 1 1 - 2
Жиыны: 17 5 1 23
Команда өкілі 1
Барлығы 24 адам