Жаңалықтар

Жаңатұрмыстықтар жақсылыққа жұмыла біледі

Тұрғындары ұйымшыл ауылдардың бірі – Т.Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылы десек, артық емес. Әсіресе, бұл ауылдың жастары жақсылыққа жұмыла білетіндіктерімен көпке үлгі. Өз ауылдарының игілігіне арналған істермен қоса қиындыққа тап болған жұртқа жәрдемдесуден де олар қалыс қалмайды. Мағжан Жұмабаев атамыз сенім артып кеткен жастарды осы ауылдан кездестіруге болады.