Жаңалықтар

Қариялар қайырымдылық жасады

«Апат айтып келмейді» десек те, еліміздің көптеген аймақтарында көктемге қарай қардың еруінен болатын су тасқыны биыл да қайталанып отыр. Бұл жолы су тасқынының қарқыны қатты. Елдің батыс, солтүстік, шығыс аймақтарында, тіпті Қазақстанның орталық өңірлерінде де, ауылдарды да су басып, тұрғын үйлер жарамсызданып, адамдар қиын жағдайға тап болуда. Кейбір жерлерде елді мекендердің картадан жойылып кетуі қаупі де бар. Осындай сын сағатта тасқыннан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға жұмылуға Қазақстан халқының қатарында облыс тұрғындары да гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысуда.

Облыс орталығы Тараз қаласы мен орталықтарымызда арнайы көмек қорын жинастыру пунктері ашылып, оған адамдар тұтынуға жарамды заттар мен бұзылмайтын азық-түлік тауарларын әкеліп тапсырып жатыр. Қаржылай қолдау көрсетіп жатқандар да бар. Осыған дейін облыстан қайырымдылық көмегін артқан керуендер су тасқыны болған аймақтарға аттанып кетті. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жүйелі жалғасуда.

Жуырда гуманитарлық көмек тиелген кезекті жүк көлігін «Ақ жол» тілеген ардагерлер Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шығарып салды.

Болат ЖАППАРОВ,

ардагер журналист.